Сертификаттар

 

2006 жылы біздің компания ИСО 9001:2000 халықаралық стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесін әзірлеп, енгізді. Мұны 2006 жылдың 4 желтоқсанында «Русский регистр» Сертификаттау қауымдастығынан және сертификаттау жөніндегі IQNet халықаралық ұйымынан алынған № 06.612.026 сертификаттар растайды.

2012 жылы компания ИСО 9001:2008 халықаралық стандарттары бойынша қайта сертификаттаудан өтіп, «Русский регистр» Сертификаттау қауымдастығы мен сертификаттау жөніндегі IQNet халықаралық ұйымы берген 2012 жылғы 15 маусымдағы № 12.0468.026 Сертификатты алды.

Компанияның беделі

Компанияның іскерлік беделі, сондай-ақ «PKF Сапа-Аудит» ЖШС  қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі мен біліктілігін тек Қазақстанның ғана емес, шет мемлекеттердің де іскерлік қоғамдастықтары мойындаған. Мұны наградалар мен кәсіби жетістіктерді айғақтайтын көптеген құжаттар растайды.

2004 жылдың желтоқсанында Жоғары Бизнес және Басқару Институтының сараптау кеңесінің шешімімен (Женева, Швейцария) «Сапа-Аудит» компаниясы» ЖШС (қазіргі уақытта «PKF Сапа-Аудит» ЖШС) мінсіз іскерлік беделі үшін Алтын медальмен марапатталды.

2006 жылдың желтоқсанында біздің компания «2006 жылдағы Қазақстандағы ең тиімді аудиторлық компания» номинациясында «Золотой алтын» Қоғамдық ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.

«PKF Сапа-Аудит» ЖШС – «Эксперт РА Қазақстан» рейтингінің жыл сайынғы қатысушысы.

       

Зерттеу қорытындысы бойынша  ірі аудиторлық-консалтингтік компаниялардың (топтардың) рэнкингі құрылып,  аудит пен консалтингтің негізгі көшбасшылары анықталады. Осылайша 2011, 2013 жж. нәтижесі бойынша біз ірі  аудиторлық және  консалтингтік фирмалардың қатарына кірдік.

Кәсіби ұйымдағы мүшелік

«PKF Сапа-Аудит» ЖШС «Қазақстан Республикасы аудиторларының палатасы» КАҰ аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымының мүшесі болып табылады.

Сонымен бірге «PKF Сапа-Аудит» компаниясы Қазақстан салық төлеушілері қауымдастығының мүшесі болып табылады.

МСА және этика нормаларының сақталуы

Аудиторлардың кәсіби этикасының фундаменталды қағидаттары: адалдық, объективтілік, кәсіби біліктілік және үлкен мұқияттылық, құпиялық және кәсіби тәртіптілік.

Компанияда аудиторлық ұйымның сапаны сыртқы бақылау нәтижелері бойынша халықаралық аудит стандарттары мен Этика кодексінің талаптарын сақтайтындығын растайтын «Қазақстан Республикасы аудиторларының палатасы» КАҰ берген қорытынды бар.

Сотрудники нашей компании!