«PKF Сапа-Аудит» компанияның тарихы

«PKF Сапа-Аудит» ЖШС – қазақстандық жетекші аудиторлық ұйымдардың бірі.


«PKF Сапа-Аудит» Компаниясының негізі 1998 жылы қаланған. Компания басшысы Базарбекова Кульбаршын Беркутовна – тәуелсіз аудитор, біліктілік туралы куәлік № 380, Қазақстан Республикасы аудиторлары палатасы Кеңесінің мүшесі.

2009 жылдың наурызында «Сапа-Аудит» компаниясы» ЖШС PKF International халықаралық тәуелсіз мүше фирмалар желісімен лицензиялық келісім жасасып, кәсіби аудиторлық ұйымдар желісінің тең құқылы мүшесі атанды.

PKF INTERNATIONAL – тәуелсіз аудиторлар мен кеңесшілер фирмаларының халықаралық бірлестігі. PKF International мүшесі фирмаларының дүниежүзілік желісіне 21 500 аудитор мен маман жұмыс істейтін 300 ұйым кіреді. PKF International мүше фирмалар әлемнің 125 астам мемлекетінде орналасқан.

PKF International қазіргі таңда әлемдегі ең ірі аудиторлық ұйымдардың «ондығына» кіреді.

PKF International барлық мүше компаниялары жоғары кәсіби этика стандарттарының шеңберінде жұмыс істейді. Мұндай стандарттар клиентпен арадағы әрбір нақты шарт бойынша жұмыстар атқару кезінде басшылыққа алынуы қажет. Бұл толық дербестікті, объективтілікті, біліктілікті, алынған деректер мен қорытындыға ықпалы бар елеулі деген факторлардың толықтай ашылуын, әрбір тапсырманы орындау кезінде ұсынылған қаржылық деректердің құпияда сақталуын меңзейді. Оның үстіне, PKF International желісіне кіретін компаниялар жүргізетін барлық жұмыстардың сапасына тәуелсіз халықаралық баға беріледі.

2009 жылдың маусымында «Сапа-Аудит» компаниясы» ЖШС қайта тіркеуден өтіп, атауын «PKF Сапа-Аудит» ЖШС деп өзгертті.

 «Сапа-Есеп» ЖШС – заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін бухгалтерлік және салық есебін жүргізу және қалпына келтіру қызметтерін ұсынатын «PKF Сапа-Аудит» ЖШСМ серіктесі.

Бейне компанияның тарихының «PKF Сапа-Аудит»

Сотрудники нашей компании!