Қаржы есептілігінің аудиті

Қаржы есептілігіне аудит жүргізудегі мақсат – көзделіп отырған пайдаланушылардың қаржы есептілігіне деген сенімділік дәрежесін арттыру. Бұл мақсат аудитордың қаржы есептілігі дайындалды ма, жоқ па, қаржы есептілігін ұсынудың қолданыстағы негізіне сәйкес келе ме, барлық қырынан дұрыс әрі нақты ма, осы жөнінде пікір білдіруі жолымен жүзеге асырылады. Кәсіпорынның қаржы есептілігінің ашықтығы мен дұрыстығы бүгін бизнестің ұзақ мерзімді даму келешегін айқындап, оның инвестициялық тартымдылығының негізінде жатыр.

Заңнамаға сәйкес аудит міндетті және бастамашылық болады.

Міндетті түрде аудит жүргізілуі тиіс нысандар:

  • Акционерлік қоғамдар;
  • қадағалау кеңесі бар, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
  • сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокері;
  • Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақылық активтерді инвестициялық басқаратын ұйымдар;
  • банктер, банк холдингтері мен ірі қатысушылары банк және (немесе) банк холдингтері болып табылатын ұйымдар;
  • қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектілері;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын авиакомпанияларды қоспағанда, азаматтық авиация ұйымдары;
  • Астық қабылдау кәсіпорындары;
  • Сақтандыру Төлемдеріне Кепілдік Беру Қоры;
  • инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;
  • мақта өңдеу ұйымдары;
  • "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы қаржы компаниялары;
  •  "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс салушылар мен жобалау компаниялары.

 Аудит мiндеттi болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептiлiктi мерзiмдi баспа басылымдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржылық есептiлiкпен бiрге аудиторлық есептi де жариялауға мiндеттi.

Бастамашылық аудит көп жағдайда әкімшіліктің немесе кәсіпорын құрылтайшыларының шешімімен, сондай-ақ басқа да жағдайларда жүргізіледі.

Ерікті аудиторлық тексерістердің бастамашылары:

  • Өткен кезеңде кәсіпорынның қаражатты дұрыс жұмсау-жұмсамауын немесе акционерлер салған салымдардың қайтарымы қандай екенін білгісі келетін құрылтайшылар, акционерлер;
  • Бухгалтерлер ауысқан, несие алынған кезде басқарушылар, директорлар;
  • Салықтық тексеру алдында бухгалтерлер;
  • Қандай да бір кәсіпорынға қаражат салыну туралы жауапты шешім қабылдаған және өз қаражатын тәуекелге қойған уақытта инвесторлар;
  • Басқа мүдделі тұлғалары бола алады.

Бастамашылық аудиттің мақсаты:

  •  Бухгалтерлік есеп пен салықтық есепті талдау және тексеру, бухгалтерлік есептегі, салық салудағы, құжат айналымындағы бұзушылықтарды анықтау арқылы айыппұл санкциялары болмау үшін бұзушылықтарды жою;
  •  Активтер мен міндеттемелерді түгендеу;
  •  Меншік иесінің қаржылық, шаруашылық, есептік және салықтық тәуекелдерін азайту;
  • Жүргізілген есептесулерді және сәйкестігін тексеру.

Біз қаржы есептілігіне аудитті аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес жүргіземіз. Қаржы есептілігіне аудит жүргізу кезінде аудиторға қажетті ақпарат ұсынылады. Бұл аудиттелетін компания басшылығы мен қызметкерлерінің уақыт жұмсауына байланысты. Сондықтан да біз аудитті жіті жоспарлаймыз. Біз әзірлеген әдістемелер клиентіміздің қызметкерлері қаржы есептілігіне аудит жүргізілуіне байланысты жұмсайтын уақытты барынша азайтуға мүмкіндік береді.

«PKF Cапа-Аудит»  ЖШС аудит жүргізу кезінде қолданатын амал тәуекелдерді анықтауға бағытталып, клиенттеріміздің шаруашылық қызметінің ерекшеліктерін, оған тән тәуекелдерді және олардың қаржы есептілігіне келтіретін ықпалын жан-жақты түсінуге негізделген.

Біздің амалға сондай-ақ  ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау кіреді. Біз компания басшылығы мен бақылау органдарына  аудит жүргізу барысында анықталған басшылыққа және меншік иелеріне арналған ішкі бақылаудың кемшіліктері туралы хатты ұсынамыз.

Компанияның қаржы есептілігінің дәлдігі туралы пікір Тәуелсіз аудитордың есебінде көрсетіледі. 

Бухгалтерлік есеп пен есептіліктен анықталған бұрмалаулар туралы  аудиттеліп отырған компанияның басшылығы тексеру қорытындысы бойынша Басшылыққа арналған хаттан оқып білетін болады.

Аудитор көрсететін қызметтердің ақысын төлеу керектігі түснікті жайт. Сол себепті кейбір компаниялар өз есептерін өз бетінше тексереді. Алайда аудиторлық қызметтер көрсетуге лицензиясы бар аудиторлық компания мұны анағұрлым кәсіби тұрғыдан жүзеге асыратынын және бұл қаржы есептеріне деген сенімділікті арттыратынын айтқымыз келеді.