Кеңес беру қызметтері

«PKF Сапа-Аудит»  ЖШС консалтингтік қызметтер көрсету саласындағы көп жылдық тәжірибесі біздің мамандардың жоғары деңгейдегі біліктілігін растайды.

«PKF Сапа-Аудит» ЖШС PKF халықаралық желісінің мүшесі болып табылады. Бұл консалтинг саласындағы әлемдік тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз етеді.

Сан алуан түрлі салалардағы және әртүрлі құқықтық нысандағы кәсіпорындардың ерекшеліктерін терең түсіну әрбір жекелеген клиенттің міндеттерін шешуге жеке кешенді  амал қолдануға мүмкіндік береді. «PKF Сапа-Аудит» ЖШС Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС),  бухгалтерлік есепке, қаржы саласына, тәуекелдердің басқарылуына, нормативтік-құқықтық талаптардың сақталуына, негізгі қызметке және кадрлармен жұмыс жасауға қатысы бар мәселелердегі терең біліміне сүйене отырып, бизнесіңіздің негізгі бағыттарының тиімділігі мен шұғылдығын арттыру жолымен қызметіңіздің нәтижелерін жақсартуға көмектеседі.

 «PKF Сапа-Аудит» ЖШС консалтинг шеңберінде келесі кеңес беру қызметтерін көрсетеді: 

  •  «Дөңгелек үстел» кеңес беру шарасы

Салық заңнамасына, бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігінің дайындалуын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге енгізілетін барлық өзгертулер туралы ақпараттандыру. Дөңгелек үстел айына екі рет өткізіледі, қатысушыларға материалдар үлестіріліп беріледі.

  • Жазбаша кеңес беру
  • Ауызша кеңес беру 

Салық салу саласындағы кеңес беру қызметтері

ҚР салық заңнамасында бір-біріне қарсы келетін қарама-қайшылықтар аз емес, жыл сайын заңнамаға жүзге тарта өзгертулер енгізіліп отырады. Көп жағдайда салықтық есеп және нақты бір салық сомасының есептелу мәселелеріне бір жақты жауап та берілмейді. «PKF Сапа-Аудит» ЖШС өзгерістерге жиі ұшырайтын Қазақстан заңнамасының мән-жайын білетін жоғары білікті салық кеңесшілері жұмыс істейді. Олар сондай-ақ клиенттерге салық дауын шешу тәжірибесі және салық органдарының әр түрлі мәселелер бойынша ұстанатын позициялары жөнінде кеңестер береді.

«PKF Сапа-Аудит» ЖШС бір жолғы ауызша және жазбаша кеңестерден бастап, ұзақ уақыт толық абоненттік қызмет көрсетуге дейін салық салу мәселелері бойынша келесі бағыттар бойынша қолдау көрсетеді:

  • - салықтар мен алымдардың барлық түрлерін есептеу және төлеу мәселелері бойынша;
  • - кедендік төлемдер алу мәселелері бойынша;
  • - трансферттік баға құру мәселелері бойынша;
  • - валюталық реттеу мәселелері бойынша (бухгалтерлік және салықтық есеп бөлігінде).

Бұдан басқа біздің бухгалтерлік есеп жүргізу және ҚЕХС/ҚЕҰС сәйкес қаржы есептілігін құру мәселелері бойынша консалтинг саласындағы және бухгалтердің қызметінде кездесетін басқа да мәселелер бойынша тәжірибеміз мол.