Кеңес беру қызметтері
«АКФ Сапа-Аудит» ЖШС консалтингтік қызметтер көрсету саласындағы көп жылдық тәжірибесі біздің мамандардың жоғары деңгейдегі біліктілігін растайды.
![13a](https://sapa-audit.kz/wp-content/uploads/2020/11/13a-300x200.jpg)
Сан алуан түрлі салалардағы және әртүрлі құқықтық нысандағы кәсіпорындардың ерекшеліктерін терең түсіну әрбір жекелеген клиенттің міндеттерін шешуге жеке кешенді амал қолдануға мүмкіндік береді. «АКФ Сапа-Аудит» ЖШС Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС), бухгалтерлік есепке, қаржы саласына, тәуекелдердің басқарылуына, нормативтік-құқықтық талаптардың сақталуына, негізгі қызметке және кадрлармен жұмыс жасауға қатысы бар мәселелердегі терең біліміне сүйене отырып, бизнесіңіздің негізгі бағыттарының тиімділігі мен шұғылдығын арттыру жолымен қызметіңіздің нәтижелерін жақсартуға көмектеседі.
«АКФ Сапа-Аудит» ЖШС консалтинг шеңберінде келесі кеңес беру қызметтерін көрсетеді:
- «Дөңгелек үстел» кеңес беру шарасы
Салық заңнамасына, бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігінің дайындалуын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге енгізілетін барлық өзгертулер туралы ақпараттандыру. Дөңгелек үстел айына екі рет өткізіледі, қатысушыларға материалдар үлестіріліп беріледі.
- Жазбаша кеңес беру
- Ауызша кеңес беру
Салық салу саласындағы кеңес беру қызметтері
ҚР салық заңнамасында бір-біріне қарсы келетін қарама-қайшылықтар аз емес, жыл сайын заңнамаға жүзге тарта өзгертулер енгізіліп отырады. Көп жағдайда салықтық есеп және нақты бір салық сомасының есептелу мәселелеріне бір жақты жауап та берілмейді. «АКФ Сапа-Аудит» ЖШС өзгерістерге жиі ұшырайтын Қазақстан заңнамасының мән-жайын білетін жоғары білікті салық кеңесшілері жұмыс істейді. Олар сондай-ақ клиенттерге салық дауын шешу тәжірибесі және салық органдарының әр түрлі мәселелер бойынша ұстанатын позициялары жөнінде кеңестер береді.
![7a](https://sapa-audit.kz/wp-content/uploads/2020/11/7a-300x120.jpg)
«АКФ Сапа-Аудит» ЖШС бір жолғы ауызша және жазбаша кеңестерден бастап, ұзақ уақыт толық абоненттік қызмет көрсетуге дейін салық салу мәселелері бойынша келесі бағыттар бойынша қолдау көрсетеді:
- – салықтар мен алымдардың барлық түрлерін есептеу және төлеу мәселелері бойынша;
- – кедендік төлемдер алу мәселелері бойынша;
- – трансферттік баға құру мәселелері бойынша;
- – валюталық реттеу мәселелері бойынша (бухгалтерлік және салықтық есеп бөлігінде).
Бұдан басқа біздің бухгалтерлік есеп жүргізу және ҚЕХС/ҚЕҰС сәйкес қаржы есептілігін құру мәселелері бойынша консалтинг саласындағы және бухгалтердің қызметінде кездесетін басқа да мәселелер бойынша тәжірибеміз мол.