Салықтық есеп аутсорсингі
Аутсо́рсинг (ағылш. outsourcing: (outer-source-using) сыртқы көзді/ресурсты пайдалану) — ұйымның шарттың негізінде жекелеген бизнес-процестерді немесе өндірістік функцияларды сол салада мамандандырылған басқа компанияға қызмет көрсету үшін тапсыру.
«АКФ Сапа-Аудит» ЖШС салық есебіне аутсорсингтеу қызметтерін көрсету бойынша көп жылдық тәжірибесі бар. Қазақстандық компаниялардың көпшілігі салықтық аутсорсингтің:
- салық есептілігін уақытылы тапсыру, салық регистрлерін уақытылы құру;
- салық есептілігін дайындау кезеңінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінің орындалуындағы қателіктерді анықтау;
- салық органдарының камералдық, қарсы және басқа да тексерулері бойынша салықтық хабарламаларды уақытылы өңдеу;
- кешенді салықтық тексерулер кезінде салық декларацияларын қорғау;
- салықтық тексеру нәтижелері бойынша салықтық аударымдардың болмауы немесе олардың маңызды болмауы;
- салық заңнамасындағы талаптардың өзгеруі туралы уақытылы ақпараттандырудың артықшылықтарын бағалап үлгерді.
