Заңды сүйемелдеу
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Сіздерге біздің компаниямыздың кеңеюі және сіздің бизнесіңіздің құқықтықтарын қолдауға бағытталған заң бөлімінің іске қосылуы жайында, қуанышпен хабарлаймыз.
Қазіргі таңда заң қызметтері тұрақты бизнестің ажырамас бөлігі болып табылады. Қызметтің кез-келген түріне қатаң заңнамалық негіз беру, компанияның стратегиялық жоспарлауының негізгі элементтерінің бірі болып саналады.
Біздің кәсіби заңгерлерден құралған командамыз, сіздің бизнесіңізге құқықтық қолдау көрсетуге және туындаған мәселелерді шешуге сапалы және уақтылы әрекет етуге дайын.
Біз, бизнестің бүкіл өмірлік циклында пайда болатын заң қызметтерінің кең ауқымын ұсынамыз: заңды тұлғаны тіркеу мен ай сайын заң қызметтерін толық көрсетуден бастап (құжаттарды дайындау, азаматтық-құқықтық келісімшарттарды жасау және талдау, рұқсаттық құжаттарды алу, ықтимал тәуекелдерді бағалау, дауларды сотқа дейінгі реттеу және т.б.), қажет болған жағдайда қызметті жоюға немесе тоқтатуға дейін.
Ай сайынғы абоненттік қызметке төмендегілер кіреді:
- заңнаманы дұрыс қолдану сұрақтарына байланысты, ауызша немесе жазбаша жауаптар түрінде құқықтық кеңес беру;
- азаматтық-құқықтық, еңбек шарттарын, келісімшарттарды, келісімдерді және соған байланысты болатын қосымшалармен өзгерістерді жасау;
- бағытталған құжаттардың, соның ішінде келісімшарттардың немесе келісімдердің құқықтық талдауын жүргізу;
- клиент үшін ең қолайлы болып табылатын шарттық схемаларды әзірлеу және енгізу;
- жасалған шарттардың ықтимал құқықтық тәуекелдерін талдау және бағалау, соның ішінде мұндай келісімшарттарды жасасуды құқықтық қамтамасыз ету;
- клиент серіктестерімен серіктестік қатынастарды орнату, шарт жасасу, оның маңызды шарттарын мақұлдасу мәселелері бойынша келіссөздерге қатысу;
- клиент компаниясының құрылымына сәйкес, ішкі корпоративтік құжаттарды дайындау;
- клиентке Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттелетін құжаттарды дайындау;
- клиенттің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарды дайындау (қолданыстағы құжаттарға өзгерістер/толықтырулар енгізу);
- әлеуетті азаматтық-құқықтық келісімшарттар және клиент жоспарлаған құқықтық қатынастар туралы кәсіби құқықтық пікір беру және т.б.
Ай сайынғы абоненттік қызметтің ерекшеліктері төмендегідей екенін ескеріңіз:
- штаттық заңгердің жалақысынан есептелетін салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндеттемелердің жоқтығы;
- салық салу базасын қысқарту мақсатында заңды қызмет көрсету туралы тиісті шарт бойынша төленетін сомаларды шегерімге аудару мүмкіндігі;
- еңбек заңнамасымен реттелетін қызметкерге қатысты, заңгердің алдында еңбек міндеттерінің болмауы;
- нақты жасалған жұмыс үшін ақы төлеу, соның нәтижесінде, оларды пайдалану тиімділігін арттыру арқылы ақша үнемдеу;
- тараптардың құқықтық қатынастардағы теңдігі және еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес қызметкерді жұмыстан шығару кезіндегі қиындықтардың жоқтығы;
- ұзақ мерзімді және тұрақты құқықтық қатынастар.
- Сонымен қатар АКФ Сапа-Аудит компаниясы белгілі бір мәселелер бойынша, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, сізге заңдық қызмет көрсетуге дайын:
- тіркеу/қайта тіркеу/тарату процедуралары бойынша, заңды тұлғаға құқықтық қолдау көрсету;
- құрылтай құжаттарын дайындау;
- шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу;
- зияткерлік меншік объектілеріне қатысты мәселелерді шешу;
- Қазақстан Республикасының аумағында тауарлық белгіні тіркеу бойынша қолдау көрсету;
- тиісті тапсырмалар бойынша құқықтық пікір қалыптастыру;
- құқықтық аудит жүргізу;
- дауларды сотқа дейінгі реттеу;
- сотта мүдделерді қорғау және т.б.