Ілеспе қызметтер
Ілеспе қызметтерге келісілген процедуралар мен компиляция кіреді.
Келісілген процедуралар
Келісілген процедураларды жүргізудің мәні аудитор мен ілеспе қызметтер көрсету шартын жасасқан тапсырыс беруші арасында келісілген аудиторлық сипаттағы процедуралардың жүргізілуінде.
Келісілген процедураларды жүргізудегі мақсат — Тапсырыс берушіге Тапсырыс берушіні қызықтыратын, келісілген процедураларды жүзеге асыру барысында айқындалған мәліметтер мен деректер қамтылған есепті ұсыну.
«АКФ Сапа-Аудит» ЖШС келісілген процедуралар бойынша келісімдердің келесі түрлерін жасасады:
- Компанияның салықтарды салық заңнамасына сәйкес есептеуін тексеру және салық есептілігін тексеру;
- Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның дұрыс толтырылуын тексеру;
- Салықтық аудит (салықтық тексерулер);
- Бухгалтерлік есепті тексеру және оның заңнамаға (ҚЕҰС, ҚЕХС бойынша) сәйкес келуін тексеру;
- Сатып алушы компания үшін сатып алынып отырған компанияның тәуекелдерін бағалау.
Келісілген процедураларды жүргізу қорытындысы бойынша Тапсырыс берушіге Іс жүзіндегі қорытындылар бойынша есеп ұсынылады. Бұл есептің негізінде есепті пайдаланушы жүргізілген тексеру нәтижелерін және есепте келтірілген деректерді бағалауға, аудитор жұмысының мағлұматтары бойынша жеке тұжырымдар жасауға мүмкіншілік алады. Есеп мұндай процедураларды жүргізуге уағдаласқан тараптарға ғана ұсынылады.
Салықтық аудит – бұл ұйымның бухгалтерлік есебі мен салықтық есебін тәуелсіз тексеріп:
- Салықтың әрбір түрі бойынша салық салынатын базаның дұрыс қалыптастырылғанын, белгілі бір уақыт кезеңінде салықтар мен алымдардың дұрыс есептеліп, дұрыс төленгенін;
- Бюджетпен және бюджеттік емес қорлармен жүргізілген есептесулердің ахуалын;
- Бухгалтерлік және салықтық есеп жүйелерінің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келуін анықтау.
Салықтық аудиттің мақсаты – бухгалтерлік және салықтық есеп жүйелеріндегі анықталған қателіктерді сараптау және оларды жою шараларын әзірлеу.
Салықтық аудиттің жүргізілуі ұйымға:
- Салықтық тәуекелдер мен оларды азайту әдістері туралы ақпарат алу.
- Салықтарды есептеудегі кемшіліктерді уақытылы жоюға.
- Айыппұлдың есептелуіне жол бермеуге.
- Салықтық жүктемені оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Компиляция
Компиляция бойынша келісім жасасу кезінде аудитор кәсіби бухгалтер ретінде тартылады. Аудитор өзінің бухгалтерлік есеп саласындағы терең білімін пайдалана отырып, қызмет түріне байланысты қаржылық ақпарат жинап, оны жіктейді, жалпылайды. Компиляцияланған қаржылық ақпаратты пайдаланушылар аудитордың жұмысынан белгілі бір пайда көреді. Өйткені олар өз қызметін кәсіби тұрғыдан, ұқыптылықпен орындайды.
«АКФ Сапа-Аудит» ЖШС компиляция бойынша қызметтің келесі түрлерін көрсетеді:
- ҚЕХС көшуге байланысты қаржы есептілігін трансформациялау;
- Құжат- Есептік саясат құру;
Құжат – Салықтық есептік саясат құру.