KASE тізбесінде
«АКФ Сапа-Аудит» ЖШС төмендегі талаптарға сай келетіндіктен, KASE мойындайтын аудиторлық ұйымдар тізбесінің екінші деңгейінде.
- Біліктілік талаптарының 3-тармағына. Бұған сәйкес аудиторлық ұйымдар қаржы есептілігі мен қаржы есептілігіне қатысты ақпаратқа, бағалы қағаздарын «акциялар» секторының екінші (ең жоғары) санаты бойынша, «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының «екінші қосымша санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» (ең жоғары санаттан кейінгі) қосымша санаты бойынша, «инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары» секторы бойынша, «исламдық бағалы қағаздар» секторы бойынша қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне қосу көзделіп отырған немесе қосылған эмитенттерге (соның ішінде исламдық арнайы қаржы компаниялары мен оригинаторлар) аудит жүргізуге жіберіледі;
- Біліктілік талаптарының 4-тармағына. Бұған сәйкес аудиторлық ұйымдар қаржы есептілігі мен қаржы есептілігіне қатысты ақпаратқа, бағалы қағаздарын «акциялар» секторының үшінші (ең жоғарыдан кейінгі) санаты бойынша қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне қосу көзделіп отырған немесе қосылған эмитенттерге аудит жүргізуге жіберіледі.
«Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» (бұдан әрі – біліктілік талаптары) 2013 жылғы 29 наурыздағы № 87 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 28 сәуірде Қаржы министрлігімен келісілгенін және 2013 жылдың 05 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілгенін мәлімдейміз.
«Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) мойындайтын аудиторлық ұйымдардың тізімі KASE веб-сайтында жарияланған.