Компания тарихы

Сіздің келесі жобаңыз үшін тамаша таңдау

Компания тарихы « АКФPKF Сапа-Аудит»

«АКФ Сапа-Аудит» ЖШС – қазақстандық жетекші аудиторлық ұйымдардың бірі.

Біз туралы

«АКФ Сапа-Аудит» Компаниясының негізі 1998 жылы қаланған. Компания басшысы Базарбекова Кульбаршын Беркутовна – тәуелсіз аудитор, біліктілік туралы куәлік № 380, Қазақстан Республикасы аудиторлары палатасы Кеңесінің мүшесі.

2009 жылдың наурызында «Сапа-Аудит» компаниясы» ЖШС PKF International халықаралық тәуелсіз мүше фирмалар желісімен лицензиялық келісім жасасып, кәсіби аудиторлық ұйымдар желісінің тең құқылы мүшесі атанды.

2018 жылдың18-шілдесінде PKF International-ға мүше болуды тоқтатуға байланысты,

PKF «Сапа-Аудит» компаниясы қайта тіркеуден өтіп, атауын «АКФ Сапа-Аудит» ЖШС деп өзгертті.

Клиентпен арадағы әрбір нақты шарт бойынша жұмыстар атқару кезінде «АКФ Сапа-Аудит» ЖШС жоғары кәсіби этика стандарттарының шеңберінде жұмыс істейді. Бұл толық дербестікті, объективтілікті, біліктілікті, алынған деректер мен қорытындыға ықпалы бар елеулі деген факторлардың толықтай ашылуын, әрбір тапсырманы орындау кезінде ұсынылған қаржылық деректердің құпияда сақталуын меңзейді.